Астанадағы фельдшер өлімі: ІІМ тергеу барысы туралы айтты

Ұлдана Мырзуанның қаза болуына байланысты қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.

 instagram.com/densaulyq_basqarmasy Бүгiн 2026, 14:12
Бүгiн 2026, 14:12
168
Фото: instagram.com/densaulyq_basqarmasy

Астанада 8 қарашада басына кондиционер құлап, қаза тапқан фельдшерге қатысты істі тергеу жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов тергеу барысы мен алдағы сараптамалар туралы хабарлады.

Әділовтің айтуынша, қылмыстық іс бұған дейін хабарланғандай, Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергелуде.

Өткен аптада мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жедел кеңес өтті. Айдың соңына дейін Астана қаласының Сот сараптамалары орталығы жүргізіп жатқан кешенді сот-құрылыс сараптамасын алу күтілуде. Сараптама алынғаннан кейін тергеу біздің кімді күдікті ретінде танитынымызды және бұдан былай қандай тергеу әрекеттері жүргізілетінін көрсетеді, - деп атап өтті ол.

Еске салайық, қараша айында Астанада басына кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер қайтыс болды

Сондай-ақ, ІІМ өкілі фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты екі қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтқан. 

Наверх