Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Фахт бен Абдул Азиз көшесін орташа жөндеу жұмыстарының басталғанын мәлім етті.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Осы жылдың 12 мамыры мен 1 маусымы аралығында Ақан сері көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде жол жөндеу жұмысына байланысты автокөлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында.