Астанада «Брюссель» тұрғын үй кешені маңындағы қамыстан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер келгенше тұрғын үй маңындағы өрт 400-500 шаршы метр аумақты қамтыған.
3 мамыр күні сағат 20:50-де Астана ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Қайым Мұхамедханов көшесі, 28а мекенжайы бойынша шақыруға шықты. Өрт сөндірушілер келгенде шамамен 400-500 шаршы метр аумақта қамыс пен құрғақ шөптің жанғанын анықтады, - деп жазды ТЖД.
Мамандар өртті оқшаулады.
Қамыс өрті тоқтатылды, шамамен 1000 шаршы метр аумақ өртеніп кеткен. Оны сөндіруге қалалық ТЖ департаментінің жеке құрамынан 14 адам және 3 техника жұмылдырылды, - деп жазды ведомство.