Астанадағы автобус апатынан екі адам зардап шекті

Маршруттық автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  - Архив 4 Наурыз 2025 2025, 17:16
4 Наурыз 2025 2025, 17:16
1025
Фото: - Архив

Маршруттық автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қалалық полциия департаменті мәлімдеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус Ұлы Дала даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Екі жолаушы медициналық мекемеге тексеру және қажетті көмек алу үшін жеткізілді.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, рөлде мұқият болуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жылдамдық режимін қатаң ұстануға шақырады.

Наверх