Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанадағы автобус апаты: Бір жолаушы аяғынан айырылды

3 Маусым 2025, 10:51
847
Бөлісу:
 instagram.com/astanovka98
Фото: instagram.com/astanovka98

Елордада жолаушылар автобусының апатқа ұшырауы салдарынан бір адам аяғынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Жедел медициналық жәрдем бригадалары қала стационарларына барлығы 15 адамды жеткізді. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары үйге жіберілді, - деп жауап берді басқарма редакцияның сауалына.

Белгілі болғандай, ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы тұрақты ауыр және өте ауыр деп бағаланады.

Бір пациентке төменгі аяқтың ампутациясы жасалды. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі, - деді ведомстводан.

Еске салайық, кеше кешкісін Астанада Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, бағанға соғылған.

Аталған автобус апатынан зардап шегушілердің бірінің жағдайы ауыр екені де хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы