Астанадағы Алаш тасжолының ішінара жабылу мерзімі 10 қыркүйекке дейін ұзартылды

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.

 depositphotos.com 27 Тамыз 2026, 04:41
27 Тамыз 2026, 04:41
165
Фото: depositphotos.com
Астанада Алаш тасжолының бір бөлігі 10 қыркүйекке дейін ішінара жабық болады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Жол жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты ұзартылған. Бастапқыда жұмыстарды 25 тамызға дейін аяқтау жоспарланған.

Ұзындығы 400 метр болатын учаскеде көлік таразысына арналған датчиктердің астына бетон жабынды төселіп жатыр.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолақтар арқылы ұйымдастырылады.

Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.

Наверх