Астанадағы алапат өрттің себебі белгілі болды

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы көпқабатты үйдегі өрттің алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 22 Маусым 2024 2024, 23:10
22 Маусым 2024 2024, 23:10
6216
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы көпқабатты үйдегі өрттің алдын ала себебін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, өрт толығымен 250 шаршы метр алаңда жойылды.

Өрттің алдын ала себебі: отпен жұмыс істеу немесе оттың аз калориялы көздері. 2-ші қабаттан 27-ші қабатқа дейін тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы мен жылытқышы жануы орын алды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сондай-ақ өрт кезінде өрт сөндірушілердің күшімен 12 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 бала. 2 адам құтқарылды, оның ішінде 1 бала бар.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеуде. Жоюға 20 бірлік техника мен ҚР ТЖМ 91 құтқарушысы жұмылдырылды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы көпқабатты үйдің 26-қабатынан өрт шыққаны туралы жазған болатынбыз.

Наверх