Астанадағы №282 учаскеде 2895 сайлаушы тіркелген

Дауыс беру процесі белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.

 ©BAQ.KZ/Аида Батухан Кеше 2026, 07:46
Кеше 2026, 07:46
160
Фото: ©BAQ.KZ/Аида Батухан

Бүгін Қазақстан бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Таңғы сағат жетіден бастап елдегі барлық дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елордадағы №282 референдум учаскесі де дауыс берушілерді қабылдап жатыр. Мұнда 2895 сайлаушы тіркелген. Ал бюллетень саны - 2923.
Қазір мұнда келіп дауыс беріп жатқан елордалықтардың қарасы қалың. 

Дауыс беру процесі белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Алдымен азаматтар жеке куәлігін көрсетіп, тіркеуден өтеді. Содан кейін оларға бюллетень беріліп, арнайы кабинада таңдау жасауға мүмкіндік беріледі.

Таңдау жасалғаннан кейін бюллетень арнайы дауыс беру жәшігіне салынады.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша барлық референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында азаматтар келіп, өз таңдауын білдіре алады.

Наверх