Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада “зорлады” деп ер адамды бопсалаған әйел ұсталды

22 Қыркүйек 2025, 09:09
605
Бөлісу:
 - архив
Фото: - архив

Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаушылық жасады деген күдікпен әйелді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Алдын ала алынған мәліметтерге сәйкес 44 жастағы ер адам күдіктімен танысу сайты арқылы танысып, оның үйіне барған. 

Бөлмеде ол әйелдің интимдік жерлеріне қол тигізген. Осыны сылтауратқан әйел полицияға "зорлау" фактісі бойынша арыз түсіремін деп қорқытып, одан 400 мың теңге талап еткен. Жалған айыптаудан қорыққан ер адам сұралған соманы беріп қойған. Алайда күдікті алған ақшаны қанағат тұтпай, тағы 250 мың теңге талап еткен. Ер адам танысынан қарызға ақша алып, 150 мың теңгені қолма-қол берген. Бірақ әйел мұнымен де шектелмей, қосымша 200 мың теңгені белгілі бір мерзімде әкелуді міндеттеген. Аталған дерек бойынша "Бопсалаушылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында өгей әке әйелінің бұрынғы күйеуінен 1,5 млн теңге бопсалағанын хабарладық. 

Өзгелердің жаңалығы