Астанада жылу қандай күн райында берілетіні айтылды

2 Қазан 2023, 16:21
1746
Бөлісу:
Астанада жылу қандай күн райында берілетіні айтылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі шаһарда жылыту маусымы қай кезде басталатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылыту маусымы бес күн ішінде орташа тәуліктік температура +10 градус және одан төмен болған кезде басталады. 

Алдағы күндері суық ауа райы күтілмейді, нөлден жоғары болады. Әлеуметтік нысандар өтінім бойынша қосылады. Қазір 116 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар мен ауруханалар) жылытуға қосылған, - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы