Астанада жұмыс уақыты қалай өзгереді?

Астана әкімінің орынбасары мәслихат отырысында жұмыс кестесі қайта қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

18 Наурыз 2025 2025, 12:29
 BAQ.KZ  - Архив 18 Наурыз 2025 2025, 12:29
18 Наурыз 2025 2025, 12:29
3996
Фото: - Архив

Астана әкімінің орынбасары мәслихат отырысында жұмыс кестесі қайта қаралып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ерсін Өтебаевтың сөзінше, бұл бастамалар қаланың жол жүктемесін азайту және көлік кептелісін шешу мақсатында қолға алынып отыр.

Бүгінгі таңда біз қарастырып жатқан мәселелердің бірі – жұмыс уақытын ауыстыру. 2018 жылдан бастап әкімдік жұмыс уақыты 08:30-ға өзгертілген. Біз осы бастамамен үкімет деңгейінде ұсыныс енгіземіз. Орталық атқарушы органдардың жұмыс бастау уақытын ауыстыру мәселесін қарастырамыз. Бұл жарты сағат немесе бір сағатқа өзгеруі мүмкін, бұл мәселе әлі де білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен талқыланбақ. Мұндай өзгеріс көлік ағынын реттеуге көмектеседі, – деді Ерсін Өтебаев.

Наверх