Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Майқайың көшесінде жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 22-25 қыркүйек аралығында Дауылпаз көшесінен Балталы көшесіне дейінгі Майқайың көшесінің учаскесінде көлік қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.