Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көше жабылды

3 Маусым 2023, 19:32
798
Бөлісу:
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көше жабылды
Фото: BAQ.KZ архив

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, бірқатар көшеде жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен Бекетай көшесінен бастап Г.Потанин көшесіне дейінгі учаскеде Мәскеу көшесінің бойында орташа жөндеу жүргізіп жатыр. Осыған байланысты осы жылдың 3-10 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске бойынша көлік құралдары үшін қозғалыс шектелетін болады.

Сол сияқты Таскескен мен С.Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында орташа жөндеу жұмысы басталды. Осы себепті 3 маусым күні сағат 08:00-ден бастап, сағат 23:00-ге дейін аталған көшелердің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.

Бұдан бөлек 4-10 маусым аралығында М.Ғабдуллин көшесінен бастап Республика даңғылына дейін және А.Янушкеевич көшесінен бастап Е.Брусиловский көшесіне дейінгі Кенесары көшесінде жөндеу жүргізіледі.

Сондай-ақ жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 3 маусымы күні сағат 09:00-ден бастап 4 маусымға дейін Айтматов көшесінен Ильинка елді мекені бағытындағы оң жақ съез толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайын болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы