Астанада жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі

Жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысын қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

 Астана қаласының әкімдігі Бүгiн 2026, 02:34
Бүгiн 2026, 02:34
98
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада А. Байтұрсынов көшесінің А-52 көшесінен С. Шәймерденов көшесіне дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты, 2026 жылғы 24-27 сәуір аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысын қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден алдын ала маршруттарын жоспарлап, уақытша енгізілетін өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Түсіністік танытып, қозғалысты жоспарлау кезінде аталған шектеулерді назарға алуларыңызды өтінеміз, - делінген хабарламада.

Наверх