Астанада жертөледе орналасқан дәмхана өртенді

23 Маусым 2024, 18:31
420
Бөлісу:
Астанада жертөледе орналасқан дәмхана өртенді
Фото: видеодан кадр

Бүгін Астанада көпқабатты тұрғын үйдің жертөле қабатында орналасқан дәмханалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ мәліметінше, елордалық құтқарушылар өрт кезінде бір оттегі баллонын сыртқа алып шықты.

Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, 23 маусымда бір күн бұрын Астанада "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы маңында өртенген Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешені тұрғындарымен қала әкімі Жеңіс Қасымбек кездесті. Әкім залал көлемін есептеу үшін арнайы комиссия құрылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы