Астанада жерасты туннелінде жеңіл көлік аударылып қалды

Жол ережесін бұзған жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 видеодан скриншот 10 Наурыз 2026, 18:59
10 Наурыз 2026, 18:59
1172
Фото: видеодан скриншот

Астанада жерасты туннелінде жеңіл көлік аударылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желіде көліктің аударылған сәтіндегі видео тарады. Бараев көшесінің бойымен жерасты туннелі арқылы жүріп бара жатқан көлік оқыстан жол жиегіне соғылып, төңкеріліп қалған. 

«Changan» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Бараев көшесінің бойымен жерасты туннелі арқылы келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан жол жиегіндегі бордюр мен қабырғаның қасбетіне соғылып, көлік төбесімен төңкеріліп аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. «Changan» автокөлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астана – Қарағанды жолында бірнеше көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх