Астанада жеңіл атлетикадан алғаш рет әлемдік деңгейдегі турнир өтеді
Астанада жеңіл атлетикадан алғаш рет әлемдік деңгейдегі турнир өтеді
Астанада World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында жеңіл атлетикадан Алтын деңгейдегі Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes бірінші халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеті қаланы қамтитын Алтын деңгейдегі кездесулер сериясы 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады.
Турнирге қатысуға тіркелген спортшылар арасында сырықпен секіру бойынша қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, 200 м жүгіруде Гауһар лигасы финалының жеңімпазы – канадалық спринтер Арне де Грасс, 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері – Ниа Али, сондай-ақ 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы – Тоби Амусан сияқты жеңіл атлетиканың әлемдік жұлдыздары бар.