Астана полицейлері жол үстінде қауіпті әрекетке барған балаларды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жол қозғалысы барысын қадағалау кезінде автобустың сыртын жармасып, ілесіп жүрген балалардың өмірге қауіпті әрекеттеріне байланысты 14 және 11 жастағы екі жасөспірім анықталды.
Құқық бұзған жасөспірімдердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Материалдар сотқа жолданды. Полиция мұндай әрекеттердің өте қауіпті екенін және орны толмас қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Ата-аналарға балаларының бос уақытын өткізудегі әрекеттеріне қатаң бақылау жасауды сұраймыз, - дейді Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында балалар жүріп бара жатқан көлікке жармасқан болатын.