Полиция 19 жастағы жігіттің суицидіне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
KöpSöz телеграм-арнасының мәліметінше, Астанада атқыштар клубында «Tanfoglio Limited Custom» маркалы тапаншамен нысанаға атып тұрған жігіт бір кезде өз-өзіне оқ атты. Қызметкерлер жедел жәрдем шақырғанымен, жігіт жан тапсырды.
Астана полиция департаменті жігіттің суицид жасағанын растады.
19 жастағы астаналық тұрғынның денесі табылды. Осыған байланысты қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде, – деп мәлімдеді департаментте.
Телеграм-арнаның мәліметінше, марқұмның қалтасынан өлер алдында жазған хаты табылды. Әпкесіне жазған хатта ол өз өліміне ешкімді кінәламауын өтінген.