Астанада Сарайшық көшесіндегі көпірде адам өліміне әкелген жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы елордалық полиция департаменті хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі жағынан қозғалып келе жатып, рульге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы бағытта түзу келе жатқан Lada және Skoda автокөліктерімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.