Астанада Жаңа жылға арналған отшашулар қай жерде болады

29 Желтоқсан 2023, 13:33
610
Бөлісу:
Астанада Жаңа жылға арналған отшашулар қай жерде болады
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада жаңажылдық отшашуды қай жерден тамашалауға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу демеушілер қаржысы есебінен ұйымдастырылады.

Сағат 00:00-де отшашуға дейін Қазақстанның әнұраны шырқалады. Кейін Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпірінің аумағынан Әр орыннан шамамен 1 мың отшашу атылады деп жоспарланған.

Сонымен қатар 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қаладағы үш жерде мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02.00-ге дейін орталық алаңда, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңа жыл түні» мерекелік концерті өтеді. Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарында да жаңажылға арналған мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы