Астанада «Жаңа жыл Fest & Gastromania» жаңажылдық жәрмеңке-фестивалі өтеді

12 Желтоқсан 2023, 20:27
678
Бөлісу:
Астанада «Жаңа жыл Fest & Gastromania» жаңажылдық жәрмеңке-фестивалі өтеді
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада 15 желтоқсан күні EXPO халықаралық көрме орталығында «Жаңа жыл Fest & Gastromania» жаңажылдық жәрмеңке-фестивалінің ашылуы өтеді,деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

15-17 желтоқсан аралығында көрме орталығында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы ұйымдастырған жаңажылдық жәрмеңке-фестиваль өтеді. Жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін.

Жәрмеңке аясында EXPO қонақтарына мәдени-ойын-сауық бағдарлама ұсынылады: DJ-дің орындауында жаңажылдық музыкалық жинақ, кофе қайнату бойынша баристалар жарысы, жаңажылдық фотоаймақ, Санта Клаус шеберханасы, онда келушілер жаңажылдық ойыншықтар мен сыйлықтар жасау бойынша қызықты шеберлік сабақтарына қатыса алады.
Сол сияқты Аяз Ата мен Ақшақармен кездесу, шыршаны айнала билеу, тосынсыйлар мен ұтыс ойындары, қазақстандық азық-түлік өндірушілермен танысу, жаңажылдық тәттілердің дәмін тату, үйді безендірумен және безендірудің ең үздік тәжірибелерімен танысу, достарыңыз бен жақындарыңызға кәдесыйлар мен сыйлықтар, сондай-ақ қысқы киім-кешек сатылымы – осының барлығы мерекелік атмосфераны сезінуге мүмкіндік береді.

Іс-шараның негізгі бағыттары:

- Жаңажылдық безендіру (мерекелік декор, жаңажылдық ойыншықтар мен сыйлық орамасы);
- Гастрономия (тәттілер, кондитерлік өнімдер, снэктер, кофеханалар, кафелер мен мейрамханалар);
- Киім (аяқ киім, бас киім, жемпір, қолғап, шұлық және т.б.);
- Сыйлықтар мен кәдесыйлар (тұрмыстық техника мен тауарлар, сыйлық қораптары, косметика және денсаулыққа пайдалы өнімдер);
- Қолдан жасалған тауарлар (ойыншықтар, тоқыма бұйымдары, зергерлік бұйымдар, қолөнер бұйымдары, дизайнерлер мен қолөнершілер).

Жәрмеңке-фестиваль – микро, шағын және орта бизнес өкілдерін (соның ішінде отандық өндірушілер), сондай-ақ қолдан жасалған бұйымдарды ұсынатын қолөнершілерді біріктіруге және қолдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба.

Былтыр өткен алғашқы жаңажылдық жәрмеңкеде 200-ден астам кәсіпорын, оның ішінде 100-ден астам қолөнерші жиналып, іс-шараға 26 мыңға жуық адам қатысқан. Биыл 200-ге жуық қатысушы мен 50 мың келушіні (кәсіпкерлер, интернет-дүкендер, қолөнершілер және т.б.) жұмылдыру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы