Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 қыркүйек күні сағат 19:35-те Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар қызметінің өрт сөндіру бөліміне Кенесары көшесі, 3а үйінің түтіндеп жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сөндірушілер хабарланған жерге жеті минуттан соң жеткен. Жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің аумағында шатыр материалы мен жиналған қоқыс өртеніп жатқаны анықталды. Өрт аумағы - 50 шаршы метр.
Өрт сөндірушілер өртті сағат 19:49-да оқшаулап, 19:57-де толық сөндірді, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.