Астанада жаңа көпір көшелердегі көлік нөпірін сейілтеді

30 Қазан 2023, 14:18
734
Бөлісу:
Астанада жаңа көпір көшелердегі көлік нөпірін сейілтеді
VIDEO
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Тәуелсіздік бойындағы жаңа көпір қазірдің өзінде қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл көпір кептелісі бар учаскелерді айтарлықтай сейілтуге мүмкіндік береді.

Мысалы, Мәңгілік Ел даңғылы 20%-ға, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала көпірі тиісінше 15%-ға жеңілдеді. Сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар, Әл-Фараби көшелері және Ұлы Дала даңғылы бойынша трафик жандануда.

Бұдан басқа, жаңа көпір Алматы мен Есіл аудандары арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жолдардағы қозғалысты едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, көпір сегіз жолақты – екі бағытта төрт жолақтае. Көпірдің бүйірлерінде жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар бар. Көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы