Астанада үйдің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды

Астанада көпқабатты үйдің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 BAQ.KZ  - архив 21 Қыркүйек 2023 2023, 10:48
21 Қыркүйек 2023 2023, 10:48
1952
Фото: - архив

Астанада көпқабатты үйдің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы Полиция департаменті хабарлағандай, 20 қыркүйекте Астана қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды.

Алдын ала ақпарат бойынша ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Аталған факті ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген, - делінген полиция мәлімдемесінде.

Қазіргі күні болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция ресми ақпаратты ұстануды сұрады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Наверх