Астанада үш баланы белгісіз азамат ұрды: Оқу-ағарту министрлігі ресми мәлімдеме жасады

5 Ақпан 2024, 13:05
1465
Бөлісу:
Астанада үш баланы белгісіз азамат ұрды: Оқу-ағарту министрлігі ресми мәлімдеме жасады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде балаларды ұрған жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, оқиға 2024 жылдың 4 ақпанында сағат 14:57-де болған. Белгісіз ер адам пәтерден шығып, балаларға зиянын тигізе бастаған. Жағдайды білген кәмелетке толмаған балалардың бірінің әкесі дереу жедел жәрдем шақырған.

Кәмелетке толмаған балаларымен бірге ата-аналар қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, сағат 19:40-та үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

Қоғамды алаңдататын мұндай оқиғаларға мүлдем жол берілмейді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық немесе қорқыту олардың қауіпсіздікке, физикалық және эмоционалдық әл-ауқатына деген құқықтарын бұзады. Қоғам, мемлекеттік және құқық қорғау органдары мұндай оқиғалардың алдын алу және кінәлілердің жазалануын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға міндетті, - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде балаларға қол көтерді деген күдікпен ер адам ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы