Астанада полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті, соның ішінде ұялы телефондарды заңсыз сатып алу фактілеріне қатысты рейд жүргізіп, 6 адамды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жедел-профилактикалық және іздестіру іс-шаралары аясында заңсыз мүлік сату жиі орын алатын орындарда, оның ішінде жекелеген сауда нүктелерінде рейдтер жүргізілді.
Полицейлер мүліктің шығу тегін растайтын құжаттарсыз сатып алумен айналысатын азаматтарға ерекше назар аударды.
Атап айтқанда, 17 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған болуы мүмкін телефондарды заңсыз сатып алумен айналысқан 6 адамды ұстады.
Тексеру барысында заңсыз айналымнан 600-ден астам ұялы телефон, сондай-ақ оларға арналған қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы құралдар тәркіленді. Ұялы телефондардың ұрлануына және олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тұрақты негізде жүргізілуде және елорда аумағында ұрланған құрылғылардың көлеңкелі айналымын толықтай жою мақсатында жалғасатын болады, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.