Елордада Үндістан Республикасының 75 жылдығы тойланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мерекелік іс-шараны Қазақстандағы елші Нагендра Прасад ашты. 300-ге жуық арнайы қонақ шақырылды. Жиналғандар Үнді елінің мәдениеті мен дәстүрі туралы сыр шертетін 20-ға жуық сурет көрмесін тамашалады. Дипломатия өкілдері Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастық артып, мәдени көкжиек кеңейіп келеді дейді.
Айта кетейік, Қазақстан Үндістанның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі.
Республика күні елімізде ең жоғарғы дәрежеде тойланатын ұлттық мереке. 26 қаңтар күні Делидің орталық алаңына Президенттен бастап барлық министрлер шығады. Себебі онда үлкен шеру өтеді. Тіпті биыл Франция президенті Эмманюэль Макрон келген. Сондықтан бұл күннің тарихи маңызын ескеріп, қызықты шараларды еңбектеген баладан бастап, еңкейген қартқа дейін күтеді, - дейді Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры Веди Санджай.