Астанада Ұлттық музыка күні өтті

6 Шілде 2024, 07:48
864
Бөлісу:
Астанада Ұлттық музыка күні өтті
Фото: gov.kz

Қазақстанның мәдени апталығы аясында елордада Музыка күні өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанадағы Қазақстанның мәдени апталығының төртінші күнінің тақырыбы ұлттық музыка болды. Есіл өзенінің жағалауындағы сахнада елорданың жастар топтары мен әртістері, оның ішінде танымал Q-rock тобы және "Қазақстан дауысы" жобасының қатысушылары өнер көрсетті.

Астанада Ұлттық музыка күні өтті

Елорда тұрғындары мен қонақтары түрлі жанрлар мен стильдердегі жанды музыканы тамашалады.

Қазақстанның мәдени апталығы – тарихымызбен, дәстүрлерімізбен танысуға тамаша мүмкіндік. Өзен жағасындағы музыка күні – бұл қаланы ерекше қуанышқа толтыратын оқиға. Өзім барлық іс-шараларға қатысып жүрмін, мәдениетімізді мақтан тұтамын, – деді елорда тұрғыны Гүлраушан Есжанқызы.

Сонымен қатар жағалауда ұлттық киімдер мен өнер көрмесі жалғасуда, онда бірегей экспонаттарды көруге және Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысуға болады.

Астанада Ұлттық музыка күні өтті

Қазақстанның мәдени апталығы елорда күнін мерекелеу аясында өтіп, 8 шілдеге дейін жалғасады.

Апта бойы қонақтар Қазақстанның бай мәдени мұрасын бейнелейтін түрлі әртістердің қойылымдарын тамашалай алады.

Өзгелердің жаңалығы