Астанада ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді

Бүгiн, 04:18
140
Бөлісу:
Астанада ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен Республика күні мен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойына орай ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Фестиваль аясында бәйге мен көкпардан жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстар 11-12 қазан күндері Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында өтеді. Бәйге 12 қазан күні сағат 11:00-де басталады. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге.

Сондай-ақ, фестиваль аясында көкпардан Солтүстік аймақтың тума шабандоздарына арналған турнир өтеді. Іріктеу ойындары 11 қазан күні 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Финалдық ойындар 12 қазан күні 09:00-де басталады. Ойындардың жалпы жүлде қоры – 12 млн теңге. Сайыс аяқталғаннан кейін көрермендер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кіру тегін.

Өзгелердің жаңалығы