Астана қаласы аумағында 2022-2023 жылдары тұрғын үйлердегі өрт 14%-ға төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Астана қаласының орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Mемлекеттік өрт бақылау басқарамасының бастығы Еркін Отарғалымұлы мәлімдеді.
2022-2023 жылдардың өткен жылыту кезеңінде Астана қаласының аумағында тұрғын үй секторында 196 өрт тіркелген. Оның ішінде уақытша үй – 11, гараж - 8, жатақханалар – 4, ауладағы жайларда – 40, жеке үй – 57, моншалар, сауналар – 18, саяжай – 4, көппәтерлі тұрғын үйлерде – 57 өрт болған.
Тұрғын үйлердегі өрттің қауіпті факторларынан өрттен 31 адам жарақат алса, 49 адам түтіннен уланған. Сондай-ақ, өрт кезінде 89 адам құтқарылған.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың негізгі себептері-төмен калориялы өрт көзі, электр жабдықтарын жөндеу ережелерінің және техникалық пайдалану бұзушылығы,-дейді Еркін Отарғалымұлы.
Mемлекеттік өрт бақылау басқарамасы өрт қауіпсіздігін алдын-алу мақсатыда профилактикалық шаралар өткізіп тұрады.