Астанадағы Абылай хан даңғылында орналасқан тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖД мәліметінше, тілсіз жаудың тұтануына электр сымдарының қысқа тұйқыталуы себеп болған.
16 ақпанда сағат 18.29-да Абылай хан даңғылы 26/1 мекенжайындағы тұрғын үйде шыққан өртті сөндіруге кірісті. Онда бірінші қабатта электр қалқаны үй-жайында электр сымдары қысқа тұйықталып, одан әрі электр сымдары жанып, жертөле үй-жайларындағы қосалқы бөлмеге таралған. Өрттің ауданы 15 шаршы метрді құраған. Өрттен 18 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт сағат 18.53-те оқшауланды, 19.15-те сөндірілді, - деп атап өтті ведомстводан.
Өртті сөндіруге жеке құрамынан 19 адам және 4 техника жұмылдырылды.