Астанада тағы бір жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы төменде берілген схемаға сәйкес Тұран даңғылының жергілікті жол жүру учаскесінде кәріз желісін кесу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.
Фото: Астана әкімдігі
Жергілікті жол учаскесі 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады.
Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауын сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысына түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз, – дейді әкімдіктен.