Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы бойынша Сарайшық көшесінен Достық көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты биыл 16-19 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады, - делінген қала әкімдігі таратқан ақпаратта.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.