Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада түлектерге 550 ЖОО гранты бөлінеді

26 Мамыр 2025, 14:29
1568
Бөлісу:
 jenis.qasymbek/facebook.com
PHOTO
Фото: jenis.qasymbek/facebook.com

Астанада түлектерге 550-ден астам ЖОО гранты бөлінеді. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада түлектер үшін жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлінеді. Сонымен бірге, колледждерге 10 мың грант қарастырылып, техникалық және жұмысшы мамандықтарына басымдық беріледі.

Астанада түлектерге 550 ЖОО гранты бөлінеді

Астанада 14 мың 200-ден астам түлек мектеп бітірді. Бүгінге дейінгі оқу жылдары ішінде оқушыларымыз мұғалімдерімен және ата-аналарымен бірге өздерінің ең жақсы қасиеттерін – жауапкершілігін, тәртібін, білімге құштарлығын көрсетті. Енді түлектеріміз үшін өмірінде жаңа әрі жауапты кезең басталады – мамандық пен жоғары оқу орнын таңдау. Өз тарапымыздан біз балаларымызды қолдауды ары қарай да жалғастырамыз: қаланың Білім басқармасы мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан жоғары оқу орындарына 550-ден астам грант бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Білім басқармасы қала колледждеріне (9 және 11-сынып негізінде) сұранысқа ие 62 мамандық бойынша 10 мың грант қарастырған, - дейді қала әкімі.

Астанада түлектерге 550 ЖОО гранты бөлінеді

Оның айтуынша, Астанада биыл білім беру саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Алдағы оқу жылында тағы бірнеше білім беру мекемесін ашу жоспарлануда.

Астанада түлектерге 550 ЖОО гранты бөлінеді

Өтіп бара жатқан оқу жылында біз рекордты мөлшерде білім беру мекемелерін салып, пайдалануға бердік. Олар – 24 жаңа мектеп. Аталған мектептер қалада шамамен 66 мың оқушы орнының (екі ауысымда) ашылуына мүмкіндік берді. 24 мектептің 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Сонымен қатар, алдағы жылдарға дайындық жұмысын жалғастырып жатырмыз. Жаңа оқу жылы барысында тағы 15 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Білім беру нысандарын салуға жеке инвестициялар да тартылып жатыр. Түлектер мен олардың ата-аналарын мектеп бітіруімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге сәттілік, армандаған оқу орнына түсіп, биік белестерден көріне берулеріңізді тілеймін!, - деді Жеңіс Қасымбек.

Астанада түлектерге 550 ЖОО гранты бөлінеді
Өзгелердің жаңалығы