Астанада ТҚО ғимараты өртенді

Астана қаласының Алматы ауданында ТҚО ғимаратында өрт оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 13 Сәуір 2024 2024, 04:21
13 Сәуір 2024 2024, 04:21
1087
Фото: видеодан кадр

Астана қаласының Алматы ауданында ТҚО ғимаратында өрт оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің аумағы шамамен 80 шаршы метрді құрайды.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамы белсенді жұмыс істеді.

Сағат 22:41 өрт 80 шаршы метр аумақта жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталуда, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауды ұсынады.

Наверх