Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

26 Тамыз 2023, 14:19
1417
Бөлісу:
Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Тәжікстанның ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Екі ел басшылары Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдарының көрме-жәрмеңкесіне барды. Бұл шара Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтіп жатыр.

Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр



Мемлекеттер басшыларының назарына дәстүрлі тәжік киімдері, кілемдері, маталары, қыштан жасалған сәндік бұйымдары және музыкалық аспаптар ұсынылды. Сондай-ақ жәрмеңкеге жеміс-жидектер, көкөністер, қақталған жемістер мен кондитерлік өнімдер қойылды.

Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр



Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің экономикасы бірін-бірі толықтыратынын, сондықтан Тәжікстанның бүгінгі көрме-жәрмеңкесі Қазақстан үшін айтарлықтай қызығушылық туғызатынын атап өтті.

Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр



Шара аясында концерттік бағдарламалар, түрлі қолөнер және халық кәсіпшілігі бойынша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар елорда тұрғындары мен қонақтары тәжік халқының ұлттық тағамдарының дәмін татып көрді.

Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы