Астанада Тәуелсіздік күніне орай конкурдан қалалық чемпионат өтеді

Астанада 14 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай конкурдан қалалық чемпионат өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 11 Желтоқсан 2024 2024, 02:50
11 Желтоқсан 2024 2024, 02:50
594
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астанада 14 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай конкурдан қалалық чемпионат өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.
Турнир қатысушылары алты маршрут бойынша сынға түседі.

№1 маршрут «Ашық санаты» (6 жастан асқан қоса алғанда). 120 см-ге дейінгі кедергілердің биіктігі (секірумен).
№2 маршрут «Балалар санаты» (12 жастан 14 жасқа дейін қоса алғанда). Кедергі биіктігі – 100 см (секірумен).
№3 маршрут «Ашық санаты» Кедергі биіктігі 100 см-ге дейін (екі фаза) 12 жастан асқан шабандоздар, 5 жастан асқан аттар.
№4 маршрут «ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Кубок» 130 см-ге дейін биіктігі (секірумен) 16 жастан асқан шабандоздар, 6 жастан асқан аттар.
№5 маршрут «Ашық санаты». Биіктігі 110 см-ге дейін (екі фаза), 15 жастан асқан шабандоздар, 5 жастан асқан аттар.
№6 маршрут «4 жастағы жас аттар категориясы». Биіктігі 80 см-ге дейін (секірумен) 16 жастан асқан шабандоздар.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды. Турнир елордалық «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде өтеді.

Жарыс 14 желтоқсан күні сағат 10:00-де басталады. Жанкүйер қауым үшін кіру тегін, - деп жазылған хабарламада.

Наверх