Астанада Ташкенттің мәдениет күндері өтеді

Бүгiн, 18:45
164
Бөлісу:
Астанада Ташкенттің мәдениет күндері өтеді
Фото: астана әкімдігі

Астанада Ташкенттің мәдениет күндері 7 және 8 тамыз күндері өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара 7 және 8 тамызда елорданың орталық саябағында өтеді. Мәдениет күндері аясында Ташкент әртістерінің қатысуымен жарқын концерттік бағдарламалар, ұлттық өнер және қолөнер көрмелері, отбасылық спорттық жарыстар мен ойындар, Ташкент пен Өзбекстанның туристік мүмкіндіктерінің тұсаукесерлері ұйымдастырылады. Дәстүрлі өзбек тағамдары да сатылатын болады.

Іс-шара сағат 15:00-де басталады.

Сағат 19:00-де елордалық Амфитеатр сахнасында өзбек эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Өзгелердің жаңалығы