Астанада "Tartys Fest" ұлттық спорт фестивалі өтті

Ауқымды шара ұлттық ойындарды насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

 Астана қаласының әкімдігі Кеше 2026, 07:48
Кеше 2026, 07:48
131
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында "Tartys Fest" ұлттық спорт фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауқымды шара ұлттық ойындарды насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған. Фестивальді Астана әкімдігінің қолдауымен қаланың Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

Биылғы фестивальдің ерекшелігі – шара Жасанды интеллект жылы аясында өткізіліп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды цифрландыру және Жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізуді жоспарладық. Фестиваль барысында қала тұрғындары турникке тартылу, қой көтеру және тоғызқұмалақ жарыстарына жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып қатысты. Барлық бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды, – деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Фестивальде қазақ халқының көне ойындарының бірі – арқан тартыс жарысы өтті. Қала тұрғындары мен кәсіби спортшылар өз шеберліктерін көрсетті. Іс-шара арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және тұрғындардың бос уақытын белсенді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік жасалды.

Наверх