Астанада таңертеңнен бері 100 жол апаты тіркелді

Кеше, 10:10
255
Бөлісу:
Астанада таңертеңнен бері 100 жол апаты тіркелді
Фото: BAQ.KZ архив

Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты 100-ге жуық жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге барынша сақ болу ескертілді.

Жеке көлікпен жолға шыққанда, ауа райының нашарлауы және қозғалыс шектеулері туралы ақпаратты ескерген жөн (мұзтайғақ, боран және т.б.). Кенеттен маневр жасаудан аулақ болу, алдындағы көлікпен арақашықтықты әдеттегіден 1,5-2 есе ұлғайту қажет. Астанадан барлық бағыттағы жолдар жабық. Қала тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына шықпауға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көлік иелеріне жол жиектеріне көліктерін қалдырмау ескертілді. Бұл коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеуі үшін қажет.

Өзгелердің жаңалығы