Астанада Талдыкөл аумағында өрт болып жатыр

Бөлісу:
Астанада Талдыкөл аумағында  өрт болып жатыр
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

2024 жылы 20 шілдеде Астанада Талдыкөл аумағында құрғақ шөпте тұтанған от алапат өртке ұласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдыкөл аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр.

1500 шаршы метр алаңды жалмаған қызыл жалын қазіргі уақытта оқшауланды. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары өртті жою бойынша жұмыс жүргізуде", делінген ведомство хабарламасында.

 

Өзгелердің жаңалығы