Астанада Домалақ ана көшесінің учаскесіне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тас жолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде Домалақ ана көшесіне орташа жөндеу жүргізеді.
Осыған байланысты, 15-22 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.