Астанада Сығанақ көшесінің учаскесінде жөндеу жүргізіледі

18 Тамыз 2024, 03:22
558
Бөлісу:
Астанада Сығанақ көшесінің учаскесінде жөндеу жүргізіледі
Фото: gov.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш. Айтматов көшесінен бастап Әйтеке би көшесіне дейінгі учаскеде Сығанақ көшесіндегі жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты 17, 18 тамыз күндері жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта қамтамасыз етіледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Өзгелердің жаңалығы