Астанада 21 наурыздан бастап LRT құрылысының жұмыс кестесіне сәйкес, қалалық полиция департаментінің келісімімен, Сығанақ көшесі бойындағы жол қозғалысына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
Сауран, Ақмешіт және Түркістан көшелерін кесіп өтетін қозғалысқа шектеу енгізілмейді, - деп атап өтті компаниядан.
- 21 наурыздан 6 сәуірге дейін Қазақ радиосы көшесімен Сауран көшесі аралығында құрама темірбетон арқалықтарын монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін Мәңгілік Ел даңғылы бағытындағы оңтүстік жағына шектеу қойылады. Бұл ретте «Номад» ТК тұрғындары үшін Қазақ радиосы көшесі жағынан жол ашық болады;
- 29 наурыз бен 15 сәуір аралығында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесіне дейін құрама арқалықтарын орнату жұмыстарына байланысты Мәңгілік Ел даңғылы бағытындағы оңтүстік жағына шектеу енгізіледі;
- 21 наурыз бен 25 мамыр аралығында Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейін «Абу-Даби Плаза» ғимаратымен біріктірілген 112-станциясының құрылысын жүргізу үшін Мәңгілік Ел даңғылы бағытының оңтүстік жағына шектеу енгізіледі;
- 21 наурыз бен 1 мамыр аралығында Түркістан көшесінен «Пекин сарайы» қонақ үйіне дейін монолитті арқалықтарды құю жұмыстарын жүргізу үшін Мәңгілік Ел даңғылы бағытындағы оңтүстік жағына шектеу қойылады. Бұл ретте Түркістан көшесінен Сығанақ көшесіне қарай оң жаққа айналым жолы ашық болады;
- 21 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында «Пекин Палас» қонақ үйінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі аумақта екі бағыттағы қозғалыс жолақтарын қысқарту арқылы қадалар, ростверктер және тіректерді орнату жұмыстары жүргізіледі;
- 21 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында 113-бекет құрылысын жүргізу үшін Сығанақ/Мәңгілік Ел көлік айрығында Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Сығанақ көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.