8 ақпанда Астанада, Шымкентте және Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда да тұман болады.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.
Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанады.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауады, 9 ақпанда тәулік бойы жауын-шашын болады, түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. 8 ақпанда облыстың оңтүстігінде, 9 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда 9 ақпанда аздап жаңбыр жауады, тұман түседі деп күтіледі.лама
Шымкентте таңертең және күндіз жаңбыр жауады, 9 ақпанда тәулік бойы жаңбыр жауады, түнде кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігін, таулы аудандарын тұман басады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Астанада солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады, облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Семейде түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.