Астанада шаңғы тебуден чемпионат өтеді

2023 жылдың  16 ақпанында Астана қаласының орталық саябағында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және Қарулы күштер Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері арасында XIII спартакиада шеңберінде шаңғы тебуден чемпионат өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 15 Ақпан 2023 2023, 21:31
15 Ақпан 2023 2023, 21:31
1411

2023 жылдың  16 ақпанында  Астана қаласының орталық саябағында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Бас штаб және Қарулы күштер Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері арасында XIII спартакиада шеңберінде шаңғы тебуден чемпионат өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысты Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы ұйымдастырады. Турнирдің ашылу салтанатына Қарулы Күштердің басшылығы қатысады.

Турнирге 100-ден астам ер адам және 40-қа жуық әйел қатысады. Барлығы  39 команда. 

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері командалық  және жеке есепте анықталады. Чемпионат үздіктері кубокпен, медальмен және алғыс хаттармен марапатталады. 

Наверх