Астанада сатылған арықтататын биологиялық белсенді қоспадан қауіпті зат табылды

27 Ақпан 2023, 15:53
1826
Бөлісу:
Астанада сатылған арықтататын биологиялық белсенді қоспадан қауіпті зат табылды

Бұл туралы елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, тағамға биологиялық белсенді қоспалар  мамандандырылған тамақ өнімдеріне жатады және ол дәрілік зат болып есептелмейді.

ББҚ тағам ретінде тамақ өнімдері қауіпсіздігінің гигиеналық талаптарына -Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 021/2011) және «Тамақ өнімдерін таңбалауға қатысты» (КО ТР 022/2011) техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Ішкі нарықта тұтынушыға сатылуға ұсынылған барлық ББҚ қауіпсіз болуы шарт. Сонымен қатар уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілетін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы өнімнің қауіпсіздігін растайды, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Сонымен қатар ол биологиялық белсенді қоспаны тіркеумен Санитариялық-эпидемиологиялық комитет айналысады деп отыр. Өнімнің тіркеуін комитет сайтынан «ҚР өнімдерін (тауарларын) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізімінде» бөліміндегі бірыңғай тізімнен табуға болады.

Мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізімінің мәліметтері жалпыға қолжетімді және күн сайын жаңартылған интернет желісіндегі арнайы іздеу серверінде орналастырылады. Сол себепті, барлық биологиялық белсенді қоспаны елге әкелу және өткізу (сату) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктері немесе мемлекеттік тіркеуге беру туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылуы керек. Биологиялық белсенді қоспада табиғи немесе табиғи биологиялық белсенді заттармен бірдей компоненттер бар. Олар адамның күнделікті қолданатын асын байыту және денсаулықты жақсарту үшін немесе мақсатты түрде мысалы, салмақ жоғалту үшін қолданылады, - деді Айгүл Шағалтаева. 

Белгілі болғандай, кейбір өндірушілер ББҚ өндіруде техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды бұзған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, ресейлік «Лаборатория красоты» ЖШҚ өндірісінің «Fatzorb» атауымен арықтауға арналған капсулаларында адам денсаулығы үшін қауіпті күшті әсер ететін «сибутрамин» заты табылды. Бұл ретте көрсетілген биологиялық белсенді қоспада бірыңғай тізілімде тіркелген және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі бар. Сондай-ақ республикада, оның ішінде Астана қаласында сатылатын Қытай мен Франция мемлекеттері өндірістерінің «Fatzorb» биологиялық белсенді қоспалары ЕАЭО-ның мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімінде тіркелмеген, осыған байланысты олар таратылмауы, яғни сатылмауы тиіс. Оны сатып алмай тұрып оның Кеден одағының сайтында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелгені немесе тіркелмегені туралы тексерудің қажеттілігін ескертеді, - дейді СЭБД басшысының орынбасары. 

Өзгелердің жаңалығы