Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада республикалық медициналық волонтерлер форумы өтті

22 Қараша 2025, 06:35
338
Бөлісу:
 Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанада еліміздің барлық аймақтарынан келген жастар, медициналық волонтерлер және сарапшылар қатысқан республикалық «QazMed Volunteers – медициналық волонтерлік ел игілігі үшін» форумы өтті. Іс-шара Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Медициналық жастар» бірлестігінің бастамасымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Форум аясында алғашқы медициналық көмек көрсету шеберлік сабақтары, қан донорлығы акциялары, дәрістер мен пікірталас алаңдары, сондай-ақ волонтерлік жобалардың көрмесі өтті. Қатысушыларға «Мен – медик-волонтер», «Project manager деген кім?» және «Медицинадағы медиа» тақырыптарында мастер-класстар ұсынылды.

Медициналық волонтерлікті жүйелі дамыту үшін QazMed Digital онлайн-платформасы іске қосылды. Қазіргі уақытта 2 500-ден астам волонтер тіркелген, 1 200 қатысушы онлайн-оқудан өтіп, сертификат алды. Сонымен қатар 10 подкаст, 50-ден астам бейнеролик және 150 ақпараттық материал жарияланды, өңірлерде фронт-кеңселер ашылды.

Форумда жалпы 10 миллион теңге көлеміндегі шағын гранттар байқауы қорытындыланды. 49 өтінімнің ішінен 10 жоба жеңіп, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсету, донорлықты дамыту, алғашқы және психологиялық көмек көрсету бағыттарында іске асты. Нәтижесінде 2 000-нан астам адам қамтылып, 10 000-нан астам адам ақпарат алды.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қыркүйек-қазан айларында республикалық деңгейде QazMedFest апталығы өтті. Апталық барысында волонтерлікті насихаттау бойынша түрлі креативті іс-шаралар ұйымдастырылып, үздік бастамалар «Медициналық волонтерліктің үздік тәжірибелері» жинағына енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы