Астанада Respublica партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр

Партия төрағасының айтуынша, екі жыл ішінде Respublica еліміздің барлық өңірінде филиалдарын құрып, ірі саяси күштердің біріне айналды.

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:25
Бүгiн 2026, 11:25
156
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Астанада  «Respublica» партиясының кезектен тыс V съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Съез жұмысына партияның Теңтөрағалары, партияның Орталық кеңесі, Орталық аппаратының қызметкерлері, аймақтық кеңестерінің мүшелері, Құрылтай депутаттығына партиялық тізімге ұсынылатын кандидаттар, барлық филиалдардың төрағалары мен қызметкерлері, «Re.Women» және «Respublica Jastary» қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ партияның белсенді мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Бүгін біз партиямыздың дамуындағы ғана емес, еліміздің саяси өміріндегі маңызды тарихи кезеңде бас қосып отырмыз. 2023 жылы «Respublica» партиясы мемлекеттік тіркеуден өткен кезде заң талаптарына сәйкес партия құрамында 5 мыңнан астам мүше ғана болды. Ал бүгін біздің қатарымызда 205 мыңнан астам (205 513) партия мүшесі бар. Бұл халқымыздың партиямызға деген сенімі мен жүргізіп отырған саясатымыздың өміршеңдігінің айқын дәлелі. Осы уақыт ішінде партиямыз еліміздің барлық өңірінде филиалдарын қалыптастырып, «Re.Women» әйелдер қауымын және «Respublica Jastary» жастар қанатын құрып, мыңдаған белсенді азаматтарды біріктіріп, қоғамда өзіндік орны бар ықпалды саяси күшке айналды, - деп атап өтті партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров.

Айтуынша, партия филиалдарының жалпы саны - 20.

Құрылған күннен бастап «Respublica» азаматтардың мүддесін қорғауды, кәсіпкерлікті қолдауды, әділ әрі тиімді мемлекеттік басқаруды дамытуға үлес қосуды басты мақсат етіп келеді. Біз Қазақстанның табысты дамуы адамның еңбегіне, біліміне, бастамашылдығына және жауапкершілігіне негізделеді деп есептейміз, - деді партия басшысы.

Наверх